- Блогтар
- Еркенов Б.Е.
Еркенов Б.Е.
"Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі" МКҚК директоры
Еркенов Б.Е.
"Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі" МКҚК директоры
Мен, Еркенов Болат Есмуратович, 1956 жылы, 1 шілдеде Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгір кентінде дүниеге келдім. Менің ұлтым – қазақ. 1973 жылы Чапаев атындағы орта мектебін бітірдім.
1980 жылы Талдықорған индустриалды педагогикалық техникумының «Техник-механик» мамандығын тәмамдадым.
1982-1994ж.ж. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтының «Инженер-механик» мамандығында білім алдым.
2009-2011ж.ж. Алматы технологиялық университеті, «5В091200-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі (Бакалавр)» мамандығын тәмамдадым.
16.08.1973-01.07.1974 жылдары ПМК-2307-де тас қалаушы болып жұмыс істедім.
14.11.1974-02.10.1976 жылдары міндетті әскер қатарында болдым.
1976 жылы Ақсу кәсіптік-техникалық №135 училищесіне қабылданып, оны 1977 жылы қызыл дипломға тәмамдағаннан кейін, жолдамамен Талдықорған қаласындағы индустриалды-педагогикалық техникумға оқуға түстім.
1980 жылы техникумды да жақсы көрсеткіштермен аяқтап, 01.07.1980 жылы Ақсу кәсіптік-техникалық №135 училищесіне өндірістік оқыту шебері болып жұмысқа қабылдандым.
1980 жылдың қазан айының 27-нен бастап, арнайы пәндердің оқытушысы болып ауыстырылдым.
1982 жылдың ақпан айының 13-нен баста, аға шебер қызметіне тағайындалдым.
1984 жылдың сәуір айының 01-нен бастап, директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым.
1993 жылдың қыркүйек айының 10-нан бастап, Алматы облысының білім басқармасының 10.09.1993ж. №40 Бұйрығымен №4 Ақсу жоғары кәсіптік училищесінің директоры болып тағайындалып, 2007 жылдың тамыз айының 29-на дейін жұмыс атқардым.
1999 жылдың сәуір айынан 2000 жылдың сәуір айына дейін «Ақсу шекері» АҚ-ң Президенті қызметін атқардым.
2007 жылдың тамыз айының 29-нан бастап, Алматы облысының білім департаментінің №140 бұйрығы негізінде «Алматы қаласындағы №13 кәсіптік лицейі» ММ-ң директоры болып тағайындалдым. Алматы облысы әкімдігінің 15.05.2013 ж. №138 "Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қаулысы негізінде "Алматы қаласының №13 кәсіптік лицейі" мемлекеттік мекемесі "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. Қазіргі таңда «Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжі» МКҚК-ң директоры болып жұмыс атқарамын.
2012 ж. «Ресей-Германия аралығында Білім, ғылым және иновациялар жылы» жоба негізінде «Германияның білім жүйесі» атты Гановер және Бремен қалаларында (Германия) өткен Халықаралық семинарына қатыстым.
2012 ж. Еуропалық Білім Қорының ұйымдастыруымен Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласында «Оқыту өмір бойы: Ұлттық саясат пен оқу орындарын дамытудағы іс-тәжірибе» тақырыбында өткен аймақтық конференцияға қатыстым.
22.08.2005 жылы білім беру ісіндегі еңбегім үшін маған «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі берілді.
25.08.2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалі берілді.
27.10.2015 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті. Қазақ ұлттық аграрлық университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен «Құрметті профессор» атағы берілді.
2016 – Москва, Орден «Почетный гражданин Евразийского Союза государств», «Почетная грамота» Международный оргкомитет по общественным наградам и званиям, Председатель экспертно-отборочного Международного оргкомитета по общественным наградам и званиям Сергеев Евгений Иванович.
04.07.2017 жылы «Ақсу ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Отбасы жағдайым: үйленгенмін, екі ұл, екі қызым бар.
Қазіргі таңдағы мекен-жайым: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ақсай-1 ықшамауданы,11 үй, 16 пәтер.