• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Майқайың кентінің учаскелік ауруханасы келесі жылы жаңғыртудан өтеді

Облыс әкімі Асайын Байханов Баянауыл ауданының шалғай елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Өңір басшысы жұмыс сапары барысында ауданның аға буын өкілдерімен кездесулер өткізді.

Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Мәшһүр Жүсіп ауылында бес жүзге жуық адам тұрады. Өңір басшысы жергілікті жұртшылықпен елді мекенді одан әрі дамыту мәселелері мен жоспарларды талқылады.

Биыл Қаныш Сәтбаев ауылында ұзындығы 9,3 км су құбыры жаңадан салынды. Сәтбаев ауылдық округінің әкімі Мейіржан Көкеновтың айтуынша 92 үйдің 50-не су құбыры желілері тартылған.

- Мұқтаж сегіз отбасына су құбырларын тарту бойынша көмек көрсетілді, - деді Сәтбаев ауылдық округінің әкімі. – Орталықтандырылған су желісін іске қосуды 2023 жылдың көктеміне жоспарлап отырмыз.

Сондай - ақ, мұнда «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша жергілікті мәдениет үйіне алғаш рет күрделі жөндеу жүргізілді. Жобаның құны - 129 млн теңге. Нысанды жылытатын жаңартылған жеке модульдік қазандық іске қосылды. «Градстройсервис» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілдері ішкі әрлеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтаймыз деп сендірді. Асайын Байханов жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Аудан орталығында өңір басшысы ақсақалдармен кездесу өткізіп, одан кейін Баянауыл аудандық ауруханасына барды. Өткен жылы мұнда «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша бірінші және үшінші қабаттарда жөндеу жұмыстары өтті. Сонымен қатар, соңғы екі жылда цифрлық флюорографиялық аппарат және жылжымалы рентген кабинеті сияқты жаңа жабдықтар сатып алынды.

Майқайың кентінде облыс әкімі тәулік бойы қызмет көрсететін 11 орындық және күндізгі уақытта ем қабыладуға болатын 22 орындық ауылдық учаскелік ауруханаға барды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазиновтың айтуынша өткен жылы медициналық ұйым жаңа цифрлық аппараттармен қамтамасыз етілді. 2023 жылы күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Баянауыл ауданында барлығы 44 дәрігер мен 173 медбике жұмыс істейді.

Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте 729 оқушы білім алады. 2020 жылы білім беру мекемесі облыс әкімінің грантына бастауыш сынып кабинеттерін, STEM зертханасын, «Жас сарбаз» кабинеті мен интерактивті панельдер сатып алды. Жұмыс сапарының соңында Асайын Байханов «Майқайыңалытн» АҚ-ың орталық қазандығының жұмысын тексерді. Бүгінгі таңда қазандық кәсіпорынды және 1502 нысанды жылумен қамтамасыз етеді.

  • 28.12.2022
  • 215
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика