• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Көктөбе ауылында жол бойында қызмет көрсететін жаңа бекет ашылады

Өңір басшысы Асайын Байханов Май ауданына жұмыс сапары кезінде жобаны іске асыру барысымен танысты. Сонымен бірге Павлодар облысының әкімі мұнда бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

2019 жылдың желтоқсанында іске қосылған Май топтық су құбырының су тазарту станциясы 15 елді мекенге қызмет көрсетеді. Ұзындығы 143,2 шақырым магистральдық желінің құрамында 94 құдық бар. Станцияның жобалық қуатытылығы тәулігіне 4150 текше метрді құрайды. Өңір басшысы келгенде алынған үлгілердің нәтижелері судың сапасы барлық санитарлық талаптарға сәйкес келетінін көрсетті.

Баскөл ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2024 жылы жергілікті мәдениет үйін жаңғырту жоспарлануда. Айта кету керек, мұнда эстрадалық-вокалдық және би бағыттарының бес үйірмесі, кітапхана және мемлекеттік қызметтердің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Әлеуметтік нысанға барған кезде облыс әкімі ауылдағы мәдениетті дамытуға, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын қолдауға баса назар аударды. Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасканға тұрғындардың сұраныстарын ескере отырып, іс-қимыл жоспарын әзірлеу міндеті жүктелді.

Келесі жылы аудан жол бойындағы сервистің жаңа нысанымен толығады. Жаңа нысан Көктөбе ауылының жанындағы Ақсу-Курчатов Ррспубликалық маңызы бар тас жолдың бойында орналасқан. Қоналқа 80 төсектік орынға арналған. «Ақжар-Өндіріс» АФ ЖШС директоры Гүлзира Қазылованың айтуынша, нысан іске қосылғанда мұнда жаңа он жұмыс орны ашылады. Асайын Байханов екі мың тоннаға шақталған көкөніс қоймасының жұмысымен де танысты. Кәсіпорын ағымдағы жылдың қараша айында іске қосылған еді.

Бұдан кейін Асайын Байханов кентішілік жолдардың жағдайымен танысты. Май ауданының әкімі Ағыбай Әмірин аудан орталығындағы 32 көшенің 17-де ғана асфальт жабыны жоқ екенін айтты. Осыған абйланысты тоғыз көшеге орташа жөндеу жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленген.

Көктөбе орта мектебінде облыс әкімі қамқоршылық кеңестің өкілдерімен кездесті. Олардың айтуынша, мектеп ғимаратында жылу параметрлерінің төмендеуіне байланысты бөлек қазандық қажет. Өңір басшысы ұсынысты қолдап, аудан әкіміне жобаны іске асыру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды. Білім беру мекемесінде 405 оқушы білім алады. Шахмат, ақпараттық технологиялар, домбыра сабақтарына арналған кабинеттер жабдықталған, кітапхана жаңартудан өткен. Асайын Байханов ауылдағы Еркін Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебіне де барды. Айта кету керек, мектеп оқушылары жыл сайын түрлі облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болады.

  • 28.12.2022
  • 262
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика