• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданына жұмыс сапарымен барды

Серік Шәпкенов: Көтерілген мәселелер басымдықтарына қарай жүйелі түрде шешіледі
Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы Жарсуат ауылдық округі тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 
Жиында Серік Шәпкенов алдымен тұрғындарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Кейін Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерге тоқталды. Жиналғандарды өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар барысынан хабардар етті.  
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңіріміздің әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында ең маңызды, түйінді мәселелерін шешуге және өңірді одан әрі дамытуға бағытталған Кешенді даму жоспары бекітілді. Оның аясында 15 бағыт бойынша 187 іс-шара жүзеге асырылады, деді Серік Шәпкенов.  
Облыс әкімі баяндамадан соң жиналғандардың сұрақтарына жауап берді. Жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.  
- Мына ауылда дене шынықтыру сауықтыру кешені салынып жатыр. Сырты әдемі жақсы. Құрылыс басталғанына 2 жылға жуықтады. Оның ашылуын немерелерім асыға күтіп жүр. Күн сайын қашан барамыз деп сұрайды. Сол кешенді ашып берсеңіз, деді Жақсылық Әзірбаев. 
2 жарым сағатқа созылған жиында 20-ға жуық сұрақ қойылды. Тұрғындар әлеуметтік сала, зейнетақы, ауылішілік жолдарға асфальт салу, Махамбет Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық музейін жаңарту жұмыстары жайында мәселелерді көтерді. Негізінен жарсуаттықтарды тас жолдарды тез тоздыратын көп тонналық жүк көліктері алаңдатып отыр. 
Облыс әкімінің ауыл тұрғындарымен кездесуі Индер ауданының Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетілді. Жиынға келе алмағандар облыс әкіміне әлеуметтік желілерде сауал жолдауға мүмкіндік алды. 
Аймақ басшысы қойылған әр сұраққа толық жауап беріп, көтерілген мәселелер басымдықтарына қарай жүйелі түрде шешілетінін жеткізді. 
- Туған өлкеде жұмыс істеу мен үшін мәртебе. Білімімді, жиған тәжірибемді өңірді көркейтуге, дамытуға жұмсаймын. Оған өзімнің уәдемді беремін. Сіздермен байланысты арттырып, ұсыныс – пікірлеріңізді тыңдау үшін әлеуметтік желілерде парақшамды аштым. Негізгі жоспарым барлық салада тұралап қалған мәселелер бойынша тізім жасақтап, оны қалай, қашан шешеміз сол бағытта жұмыстанамыз. Халық игілігіне бағытталған нысандар уақытында сапалы жағдайда пайдалануға берілуі керек. Осы бағытта әріптестермен жұмыс атқарамыз. 
Кездесуден соң өңір басшысы құрылысы жылдарға созылған жаңадан ашылуы керек дене шынықтыру сауықтыру кешеніне арнайы барды. Мәселемен жеке танысты. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме өкілдеріне бір айда құрылыс жұмыстарын бітіруді міндеттеді. 
Жұмыс сапары барысында Серік Шәпкенов Жарсуат ауылында тұратын азаматтарды жеке қабылдады. 
Облыс әкімі кей сұрақтар бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

  • 29.12.2022
  • 165
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика