- Блогтар
- Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.
Атырау облысының әкімі
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданына жұмыс сапарының аясында Индербор кентінің тұрғындарымен кездесті
Серік Шәпкенов: Ауданның өзекті мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қоғамдық бақылау маңызды рөл атқарады
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданына жұмыс сапарының аясында Индербор кентінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Серік Шәпкенов сөз алып Ел Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерге рет-ретімен тоқталды. Бұдан бөлек жиналғандарды өңірде атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.
Аталған жиынға 400-ге жуық тұрғын келді. Жиналғандар 4 сағатқа жуық толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Алыстағы ағайынды Жайық өзенінің көктемде кернеуінен асып, жазда тартылуы, дәрігерлердің жетіспеушілігі, қоқыс полигонынан келетін жағымсыз иіс, кәріз суы, балалар ойын алаңының жетіспеушілігі, интернетке қол жетіспеушілік секілді мәселер кеңінен талқыланды.
Аймақ басшысы қойылған әр сұраққа толық жауап беріп, көтерілген мәселелер басымдықтарына қарай заң аясында шешілуі керектігін айтты.
- Мемлекет басшысы өз жолдауында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту турасында нақты тапсырмалар міндеттеді. Алдағы уақытта соларды жүзеге асыру үшін жұмыстанамыз. Бүгінде көтерілген тақырыптардың ішінде кезек күттірмейтіндері бар. Оларды кезең-кезеңімен қоғам белсенділерімен жанашыр азаматтар бірігіп отырып шешуіміз қажет. Ауданның өзекті мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қоғамдық бақылау маңызды рөл атқарады.
Мен барлық ниет білдірушілерді осы бағытта бірігуге шақырамын, деді өңір басшысы Серік Шәпкенов.
Жұмыс сапары барысында Серік Шәпкенов Индербор кентінде тұратын азаматтарды жеке қабылдады.
Облыс әкімінің тұрғындарымен кездесуі Индер ауданының Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетілді.
Облыс әкімі кей сұрақтар бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
- 29.12.2022
- 111