• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Серік Шәпкенов шаруагерлермен кездесті

Облыс әкімі Серік Шәпкенов атыраулық фермерлердің басын қосып жиын өткізді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 
Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары, салалық басқарма басшылары мен аудандардан шаруагерлер арнайы келіп қатысты. 
Кездесу ашық диалог форматында өтті. 60-қа жуық шаруа қожалығының өкілдері аймақ басшысына саладағы мәселелерді жеткізді. Төрт түлік өсіріп отырған атыраулықтарды
көктемгі егін науқанына дайындық, мал ауруларын алдын алу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, жайылымдық жерлерді бөлу, ветеринариялық ахуалды тұрақтандыру, субсидияны бөлу тәртібі мен белгіленген лимит бойынша суды пайдалану және т.б. мәселер толғандырып отыр. Шаруагерлер кадр тапшылығын алға да тартты. 
-Жастарды шаруашылық жұмыстарына тарту керек. Ата кәсіпті жалғастыру үшін дағдылар қалыптастырған жөн. Шопандарды ынталандыру мақсатында бірге жұмыс жүргізейік. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс. Сондықтан басты міндет – өңірді жергілікті азық-түлікпен қамтамасыз етуге барынша мүмкіндік жасау, деді Серік Шәпкенов. 
Жиында шаруалар дәстүрлі Малшылар слетін өткізуді ұсынды. Жалпы облыс бойынша тіркелген шаруашылық саны 3200. Бүгінде нақты жұмыс істеп тұрған 2000 шаруа қожалығы бар. Оның 350-і егін шаруашылығымен, 1650-і мал шаруашылығымен айналысады. 
Шаруагерлердің көтерген мәселелерін  мұқият тыңдаған облыс әкімі Серік Шәпкенов заң шеңберінде түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатуға болатынын айтты.
-Қай салада болмасын заң үстемдік ету керек. Бүгінгі кездесу соңғысы емес, әлі осы саладағы талай маңызды мәселені бірге талқылаймыз. Жұмыстың барлығын бірлесе отырып жасауымыз керек. Сонда ғана нәтиже шығады, деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.
Аймақ басшысы салаға жауапты орынбасарларына және басқарма басшысына бірқатар тапсырма жүктеді.

  • 29.12.2022
  • 185
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика