• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Полицияның сервистік моделі: қоғам қауіпсіздігін арттыру

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жиында криминогенді жағдай, интернет-алаяқтықтың алдын алу, «Полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасын енгізу мәселелері қаралды.
Облыстық полиция департаменті басшысы Нұрхат Оразбаевтың мәліметінше, жыл басынан бері тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны -4,1%-ға, оның ішінде қылмыстар -4,4%-ға төмендеген.
«Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жандандыру бағытында жүргізілген бірқатар жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде, есепті мерзімде облыс көлемінде тіркелген жалпы алаяқтық қылмыстарының саны  - 28,8 пайызға төмендеген. Соңғы жылдары заманауи техникалық құралдарының дамуымен қатар, ғаламтордағы алаяқтық қылмыстары да дамып, кеңінен таралуда. Есепті мерзімде тіркелген  алаяқтықтардың 44,3 пайызын ғаламтор арқылы жасалған алаяқтықтар құрап отыр. Ағымдағы жылдың 25-27 сәуір аралығында облыс аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстардың жолын кесу және ашу мақсатында «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Жедел профилактикалық іс-шара барысында 15 алаяқтық қылмыстары ашылды», - деді ол. 
Сондай-ақ, департамент басшысының орынбасары Берік Амангелді «Полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасын енгізу туралы ақпарат берді. 
- Полицияның сервистік модельді дамытуда үш негізгі вектор айқындалып отыр. Біріншісі - азаматтардың полицияға қолжетімділігін барынша жеңілдетуге бағытталған қадамдық қолжетімділік. Екінші басты миссия - қауіпсіздік сезімін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Үшіншіден, бұл - халықпен тығыз серіктестік, себебі қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары, көбінесе, жергілікті маңызға ие. Оларды тиімді шешу жергілікті қоғамдастықтың белсенді қолдауымен ғана мүмкін болады. Осы бағытта учаскелік полиция инспекторлары халықпен жүйелі түрде кездесулер өткізілуде, - деді Берік Амангелді.
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов полицияның сервистік моделі жобасының басымдыққа ие міндеті тұрғындар қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу жолындағы жұмыстарды қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті.
- Қандай да бір мәселе болса уақытылы дер кезінде шешілуі тиіс. Бұл жоба бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.  Негізгі бағыттар бойынша жұмыстарды қолға алып, қауіпсіздікті күшейту қажет. Халықпен тікелей байланысты күшейтіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жергілікті полиция қызметінің жұмысын жаңғыртуды жалғастыру керек, деді облыс әкімі. 
Жиын соңында өңір басшысы жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік пен тұрғындар арасында  заңбұзушылықтың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізуде мемлекеттік ұйымдардың бірлескен шаралар қабылдауын  тапсырды.

  • 29.12.2022
  • 256
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика