• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті

Жиын облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 
Кеңес отырысында еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы бойынша Ассамблея алдында тұрған міндеттер қаралып, басымдықтары айқындалды.
- Ассамблеяның соңғы ХХХІ сессиясы саяси жүйені реформалаудағы Ассамблеяның орны мен рөлін айқындауға арналды. Әрі қарай өз жұмысында бүкілхалықтық референдум қорытындысы жаңа тарихи кезеңнің бастауы болып саналады. Сондықтан, Ассамблея мынадай үш басымдыққа ден қоюы қажет. Біріншісі, саяси реформаларды жүзеге асыруда Ассамблея рөлін күшейту. Саяси реформалар аясында биліктің заң шығару тармағының қалыптасуына өзгерістер енгізіледі. Енді Ассамблея депутаттары бұдан былай Мәжілісте емес, Сенатта өкілдік ететін болады. Екіншіден, ақпараттық жұмысты күшейту және Ассамблеяның қоғамдық әлеуетінің белсендіру. Ассамблеяның әрбір мүшесі Жаңа Қазақстанның мұраттары мен құндылықтарының белсенді насихаттаушысы, әрі дәріптеушісі болуы тиіс. Үшіншіден, құқық қорғау жұмыстары күшейтіледі, деді Серік Шәпкенов.
Жиын барысында «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Короблев Жаңа Қазақстанда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге аса назар аудару қажеттігін айтты.
- Жаңа Қазақстанда біз мемлекеттік тілді оқытуда қызығушылықтарды арттыратын жұмыстар кеңінен жүргізілсе дейміз. Мемлекеттік тіл - еліміздің тағдыры. Сондықтан баршаңызды қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, меңгеруге шақырамын, деді Андрей Короблев.
Атырауда 80-нен астам ұлт өкілдері тұрады, 19 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. 
Бүгінде Мәдениет басқармасы жанынан «Тіл әдістемелік орталығы» ашылған.  Мұнда сәуір айынан бастап қазақ тіліне қызығушылық білдірген өзге ұлт өкілдері оқуда. Атап айтар болсақ, «Достық» үйінде - 12, «Атырау Жарық» акционерлік қоғамында - 28 өзге ұлт өкілі қазақ тілін меңгеруде. Атырау жылу электр орталығында да арнайы оқу тобы ашылады деп жоспарлануда.

  • 29.12.2022
  • 204
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика