• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Тәуелсіздік тұғыры: тарих, тіл, тәрбие бірлігінде» атты дөңгелек үстел өттi

Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен «Тәуелсіздік тұғыры: тарих, тіл, тәрбие бірлігінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға қала мектептерінің тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің әр Жолдауында бала тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Өйткені біздің болашағымыз – ұрпағымыз. Ертеңгі Тәуелсіздікті нығайтатын да, елі үшін қызмет ететін де – солар. Тәуелсіздігіміз – біздің баға жетпес құндылығымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап көрсеткендей, Тәуелсіздік күні – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке,- деді С.Шәпкенов.

Жиында Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің зерттеуші-педагогі Сәуле Жұмаханова
«Тәуелсіздік тірегі – білімді ұрпақ» атты баяндама жасады.

- Ұстаздық жолымда оқушыларды тарихи оқиға ортасында болып отырғандай сезімге жетелей отырып, олардың бойына  ұлттық көзқарасты, мінез-құлықтағы адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыруды көздеймін. Өйткені, жас ұрпақ - біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Қазіргі таңда біз өз елімізбен, тәуелсіздігімізбен мақтанамыз,-деді С.Жұмаханова.

Сонымен қатар Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің әлеуметтік-экономика пәндерінің зерттеуші-педагогы Дина Лұқпанова «Тәуелсіздік - ел тұғыры» атты баяндама жасады.

- Біз жаңа кезеңге қадам бастық. Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан «Тәуелсіз ел» атанған алғашқы күннен бастап білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Білім беру мекемелерінің құзіреті кеңейді, жалпы орта білім мен мемлекеттік оқу орындарында кәсіби білімді тегін оқытуға мемлекет кепілдігі берілді, үш тілде оқыту жүйесі енгізілді; шет ел азаматтарына Қазақстан Республикасында білім алуға рұқсат берілді,-деді Д.Лұқпанова.

Шара аясында облыс әкімі №34 көп салалы мектеп-гимназиясындағы «Koshbasshy» интеллектуалды элиталар одағының жұмысымен танысып, клуб мүшелерімен пікір алмасып, дебат ойынына қатысты.

  • 29.12.2022
  • 370
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика