- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Қақтығыс аймақтарынан қайтарылған тұлғаларды оңалту және реинтеграциялау: Орталық Азия елдерінің тәжірибесі
Астанада БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы және «AQNIET» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қақтығыс аймақтарынан қайтарылған тұлғаларды оңалту және реинтеграциялау: Орталық Азия елдерінің тәжірибесі» тақырыбында халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, АҚШ-тың Жаһандық медицина және денсаулық орталығының директоры, Чикаго медициналық колледжінің профессоры Стивен Уэйн, Ұлыбританияның Еуразия орталығының аға ғылыми қызметкері Нао Такер және Орталық азия елдерінің өкілдері қатысты.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі көтеріліп отырған мәселе өте маңызды және өзекті екендігін атап өтті. «Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Сирия мен Ирак мемлекеттеріндегі қақтығыс аймақтарында жүрген өз отандастарын елге қайтарған алғашқы елдердің бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құзырлы органдарымыздың шетелдік әріптестермен тығыз қарым-қатынасының нәтижесінде 2019-2021 жылдар аралығында «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясы сәтті жүзеге асырылды», - деді министр.
Ал Стивен Уэйн мырза Қазақстанда іске асырылатын «Жусан» гуманитарлық операциясы-азаматтары жауынгерлік іс-қимыл аймақтарынан оралатын елдер үшін бірегей практикалық тәжірибе. Біз адамдарды, соның ішінде елге оралған әйелдер мен балаларды оңалту және әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмысты жоғары бағалаймыз», - деді өз сөзінде.
Іс-шарада террористік белсенді аймақтардан оралған репатрианттар да сөз сөйлеп, тәжірибелерін айтты.
Конференция екі күнге созылады.
- 30.12.2022
- 404