- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өткіздім.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша кеңес өткіздім. Өнеркәсіп - экономиканың маңызды саласы. 2023 жылы 11 инвестжобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. 25,4 млрд теңге инвестиция тартылып, 800 жұмыс орнын ашамыз. Бұл жобалар импортты алмастыруға бағытталған, атап айтсам, ДСП, автоклавты газоблок, керамикалық кірпіш, шыны бұйымдары, жұқа қабырғалы болат құрылымдары, жолаушылар вагоны мен тіркеме ауыл шаруашылығы техникасын өндіру сияқты жаңа салалар дамитын болады. Жобалардың басым бөлігі облыс орталығында шоғырланған. Дегенмен, аудандардың да өнеркәсіп, өңдеу салаларында айтарлықтай әлеуеті бар екенін, оған инвесторлар тарту керектігін ұмытпаған жөн. Кәсіпкерлік басқармасына, аудан әкімдеріне, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы, «Солтүстік» корпорациясы және «Kazakh Invest» облыстық өкілдігінің басшылығына өңірге отандық және шетелдік компанияларды тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырдым.
- 06.01.2023
- 267