• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мәулен Әшімбаев Талас ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Талас ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.

Мәулен Әшімбаев алдымен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовпен бірге аудандағы «Talas Investment Company» ЖШС натрий цианидін шығаратын зауытқа барды. Кәсіпорын 15 мың тоннаға дейін натрий өндіруге қауқарлы, оның 5 мың тоннасы экспортқа шығарылады. Жұмысшылар саны 552 адамды құрайды.

Компания өндірісті 30 мың тонна натрий цианидіне дейін арттыру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жобаның екінші кезеңін жүзеге асыра отырып 300 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Осылайша кәсіпорын натрий цианидімен ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етіп, экспортты 10 мың тоннаға дейін арттырмақ.

Жаңа жобаның инфрақұрылымына бюджеттік қаржыландыру мәселесі көтерілді. Сенат төрағасы бұл мәселенің назарға алынатынын жеткізді.

Одан әрі Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасы «Игілік» КМК қазандығында болды. Қазандық штаттық режимде жұмыс істеуде, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға ыстық су мен жылу үздіксіз берілуде.

Алайда, «Игілік» МКК-да мазут қондырғылары мен екі бу қазандығы қайта жаңғыртуды қажет етеді, алайда оған кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігі жетпей отырғандығы айтылды.

Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарының қорытындысы бойынша көтерілген барлық проблемалық мәселелер жан-жақты зерделенетінін атап өтті.

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы қатты дауыл кезінде зардап шеккен Қаратау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстарымен танысты. Қалада табиғи апат салдарынан 12 көпқабатты тұрғын үй зардап шеккен. Қазіргі таңда оларда мердігерлер қызу жұмыстарын жүргізуде.

Тұрғын үйлер ауласында қала тұрғындарымен кездескен Мәулен Әшімбаев қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ерекше назарында екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қаратаудағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсетілетінін жеткізді. Тұрғындар түйткілді мәселелерді жедел шешкені үшін мемлекет және облыс басшылығына алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ, Сенат спикеріне ауданға қарасты ауылдық округтердегі қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Қатты желдің салдарынан Берікқара, Көктал, Тамды, Қасқабұлақ, Қаратау ауылдық округтерінде электр желілері үзілген. Бүгінде 3 ауылдық округте электр жарығы толығымен қалпына келтірілді. Қаратау ауылдық округі бойынша Есейхан ауылы жарыққа қосылған десек, Қараой ауылы бірер күнде қосылмақ. Қасқабұлақ ауылдық округіне дизельдік генераторлар арқылы электр қуаты берілуде. Ауданда электр желілерін қалпына келтірумен 56 адам, 11 техника жұмылдырылған. Ауылдық елді мекендер мен аудан орталығында су құбыры қалыпты деңгейді жұмыс жасауда.

  • 11.01.2023
  • 305
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика