- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
«Дінтану сараптамасы: интернет кеңістігіндегі өзекті проблемалар» семинары өтті
2020 жылғы 25 қарашада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті және Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының ұйымдастыруымен «Дінтану сараптамасы: интернет кеңістігіндегі өзекті проблемалар» тақырыбында семинар өткізілді.
Дін саласындағы жергілікті атқарушы органдар мен мекеме мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, интернет кеңістігіндегі діни материалдарға сараптама жүргізудің өзекті проблемалары мен әдіс-тәсілдерін талқылау, салалық мамандардың өзара тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру мақсатында өткізілген семинарға Дін істері және Ақпарат комитетінің өкілдері, өңірлік дін істері басқармалары мен олардың орталықтары және де Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының мамандары қатысты.
Дін істері комитетінің Төрағасы Е.Б. Нүкежанов өзінің алғы сөзінде Заң бұзушылықтарды азайтуға және заңдарды қатаң сақтау қажеттілігі жағдайына ерекше тоқталып: «Интернет кеңістігінде әлеуметтік, нәсілдік, ұлтаралық, дінаралық араздықты қоздыруға бағытталған, діни радикализм мен экстремизмге шақыратын үндеулері бар материалдар жиі кездесуде. Сондықтан, осындай заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында біз күш-жігерімізді біріктіруіміз тиіс. Атап айтқанда, қоғамның дін саласындағы заңнамалық сауатын одан әрі жетілдіру және оны қадағалау жұмыстарын одан әрі жақсыртуымыз қажет» - деп атап өтті.
Семинарға спикерлер ретінде қатысқан Ақпарат комитетінің, Атырау және Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармаларының, Діни ахуалды талдау және дінтану сараптамасы институтының өкілдері баяндама жасады.
Семинар барысында мемлекеттік органдардың өкілдері заң бұзушылықтардың алдын алу және осы бағытта атқарылып жатқан шаралардың оң нәтижелерін жеткізді.
Интернет кеңістігіндегі теріс бағыттағы діни материалдардың алдын алу және оны ұйымдастыру жұмыстары, сондай-ақ мониторинг жүргізу, дінтану сараптамасына жолдау, нәтижесі, бұғаттаудың жолдары және т.б. өзекті проблемалар бойынша түсіндірмелер берілді.
Жалпы семинар барысында қатысушылар интернет кеңістігіндегі діни материалдар туралы және заң бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жолын кесу бойынша ашық диалог жүргізіп, нәтижелі пікір алмасты.
- 26.11.2020
- 326