- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
блыстық аурухана, кардиологиялық орталық пен қалалық аурухананың жұмысын қадағалап, науқастармен тілдестім.
Облыстық аурухана, кардиологиялық орталық пен қалалық аурухананың жұмысын қадағалап, науқастармен тілдестім. Біз мамандарды тарту және ауруханаларды қондырғылармен қамтамасыз ету жұмысын күшейтеміз.
Биыл облыста медициналық қондырғылар алуға 5 млрд теңге бөлінді. Ангиографтар, УЗИ, эндоскопия, реанимация және рентген аппараттары қойылады. Атап айтсақ, кардиологиялық орталық пен көпсалалы қалалық аурухананың инсульт орталығына екі ангиограф орнатылады.
Сондай-ақ 2023 жылы денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінді. Биыл «Береке» мен «Жас өркен» ықшам аудандарында 2 емхана ашамыз.
- 20.01.2023
- 255