- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
IX Азаматтық форумда донорлық және қайырымдылық қызметті дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстанның IX Азаматтық форумы аясында онлайн форматта донорлар форумы өтті. Қазақстанның ірі меценаттарын, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік көшбасшыларын біріктірген сараптамалық-диалог алаңының отырысына Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева және халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ, шетелдік жеке қайырымдылық мекемелерінің, корпоративтік сектордың өкілдері қатысты.
"Пандемия жағдайында қайырымдылық пен еріктілік жалпыұлттық ауқымда дамыды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылыққа қаржы жұмсау бағытында бизнеске қолайлылығы мен пайдасын қамтамасыз ету үшін қайырымдылық қызметті қолдау жөнінде тапсырма берді. Мемлекет азаматтық және халықаралық қауымдастықтың қоғамның ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізу және өзекті әлеуметтік проблемаларын шешу үшін қолайлы жағдайлар жасаудағы күш-жігеріне қолдау білдіреді. Бұл ретте, бүгінгі Форум тәжірибе алмасуға, Қазақстандағы қайырымдылық қызметке үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге бағытталған», – деді Б.Тлепов.
Вице-министр мемлекеттің, донорлардың, грант беруші ұйымдардың, бизнес пен ҮЕҰ-ның бірлескен күш-жігері қиындықтарды еңсеруге көмектесетінін атап өтті. 2020 жыл коронавирустық пандемия салдарынан ерекше болып табылады, себебі бүкіл әлемдік қоғамдастықта және іс жүзінде барлық салада дағдарыс тудырып, адамдар мен қоғамның әдеттегі өмірін бұзды. Пандемияның алғашқы толқыны кезінде азаматтық қоғам да, бизнес те, Халықаралық даму ұйымдары да, мемлекет те өз рөлін белсенді көрсетті. Әсіресе, халықаралық грант беруші және донорлық ұйымдар өздерін көрсете білді.
Донорлар форумының жұмысы кәсіби қайырымдылық қауымдастықты дамытуға және донорлық қызметті нығайту үшін қолайлы ортаны қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.
- 27.11.2020
- 321