- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
азық-түлік
Ел тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына тікелей байланысты. Бұл үшін ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау қажет. Федоров ауданына жұмыс сапарым мен тұрғындармен кездесу барысында "Тұрар" ЖШС АӨК ауқымды жобаларды жүзеге асырып, ауыл тұрғындары үшін барлық жағдайды жасап жатқанына куә болдым.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан субсидия түрінде айтарлықтай қолдау көрсетілуде. Соңғы 3 жылда АӨК дамытуға шамамен 2,5 млрд теңге бөлінді. Осыған қарамастан, бірнеше ірі шаруа қожалықтары жұмыс істейтін Воронеж а/о мұндай игіліктің нышанын көре алмадым. Жергілікті кәсіпкерлер алдағы уақытта олқылықтардың орынын толтырып, жағдайды түзетер деген үміттемін.
- 03.02.2023
- 239