• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында тауарлы балық өндірісін 3000 тоннаға жеткізу көзделуде

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданы Сортөбе ауылындағы «Korday Fish» және «Taraz Eko Fish» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Екеуі де балық, оның ішінде форель өнімдерін  өндіруге бағытталған.

2020-2021 жылдары жүзеге асқан «Korday Fish» жобасына мемлекет тарапынан 3,8 га жер телімі бөлінген. Жылына 500 тонна балық өндіруге қауқарлы серіктестік консервілеу цехын да іске қосуға ниетті. Қазіргі таңда 800 мың шабақ жеткізілсе, тағы 4 млн. шабаққа тапсырыс берілген.

Ал, «Taraz Eko Fish» ЖШС-інде 3 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 5 га жерге орналасқан жоба қуаттылығы жылына 60 тонна балық өнімдерін өндіруге шақталған.

Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облысы аумағында балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлердің саны күннен күнге артып келеді. Осы саланы дамыту мақсатында Жамбыл облысының балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаға сәйкес, 2022 жылы облысымыздың аумағындағы 464,3 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланып, артығымен орындалды (483 тонна). Оның ішінде 436 тонна форель балығы, 47 тонна тұқы тұқымдас балығы бар.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы бағдарламаға сәйкес  666,1 тонна тауарлы балық өсіру көзделуде. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, аталған жоспардағы көрсеткішке жету үшін 4,7 млн. дана балық шабағы қажет (1,9 млн. дана форель, 2,8 млн. дана тұқы). Қажетті шабақтар облысымыздағы «Сандель», «Арнұр», «Алтын бұлақ» шаруа қожалықтарының және Шардара, Қапшағайда орналасқан балық өсіру тәлімбақтарынан алынатын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде қолға алынған.

​Жалпы, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша 2024 жылы 1375,9 тонна тауарлы балық өндірісі жоспарланса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3000 тоннаға жетеді деп күтілуде. Ол үшін 18 инвестициялық жоба қолға алынуда.

Сондай-ақ,  кәсіпкерлерге мемлекеттен түрлі қолдаулар көрсетілуде. Мәселен, 2022 жылы жергілікті бюджеттен акваөсіруді субсидиялауға 78,2 млн. теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде жергілікті бюджеттен балық жемдерін сатып алуға кететін шығындардың 30 пайызын субсидиялауға 45,1 млн. теңге, балық шабағына 33,1 млн. теңге бағытталып, толығымен игерілді. Ал, 2023 жылы акваөсіруді субсидиялауға 281 млн.тенге қаралуда.

  • 10.02.2023
  • 233
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика