- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Су тасқыны кезеңіне дайындық жалғастырылуда
Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын тексеру барысында Киров-Шежін каналын қайта құру, Киров су қоймасын жаңғырту және Ветелка тоғанының жай-күйімен таныстым.
Жұмыс сапары барысында жауапты мекемелердің басшыларына су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жалпы, 2022 жылы облыс бойынша су тасқынына қарсы 80 іс-шара орындалды, нәтижесінде 20 км қорғаныс бөгеттері нығайтылды, 13 мыңнан астам км су бұру арналары және 17 су өткізу құбырлары орнатылды, сондай-ақ автожолдар мен су қоймаларында жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Жанар-жағармай материалдарының, құм салынған қаптардың, инертті материалдардың (18 мың тонна инертті материалдар, 56 мың қап, 80-ге жуық тонна ЖЖМ) қорлары дайындалды.
Құрамына үш мыңнан астам адам, 700-ден астам бірлік техника, 60 жүзу құралы және 260-тан астам мотопомпа кіретін күштер мен құралдар топтамасы дайындалды.
Жалпы облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты. Дайындық жұмыстары жалғасуда.
- 10.02.2023
- 223