- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Дін саласы бойынша семинар-кеңес өтіп жатыр
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің төрағалығымен дін саласы бойынша арнайы семинар-кеңес өтті.
Семинарға құқық қорғау органдарының өкілдері, дін істері басқармалары және дін проблемаларын зерттеу орталықтарының басшылары қатысты.
Жиын барысында министр елдегі діни ахуалға, дін саласының маңызды мәселелеріне, қазіргі жағдайдағы сын-қатерлерге тоқталып, сала бойынша ауқымды міндеттердің шешу жолдарын атап өтті.
Іс-шарада еліміздің діни саласын реттеу бойынша жұмыстың үш негізгі бағыты әңгіме болды. Олар:
1) атаулы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;
2) интернет кеңістікте радикалды идеологияға қарсы тұру;
3) деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан зардап шеккен жандарды оңалту.
Өзара пікір алмасу барысында мамандар өздерінің кәсіби тәжірибелері туралы айтып, жоғарыда аталған бағыттар бойынша маңызды мәселелерді талқылады.
- 16.02.2023
- 201