- Блогтар
- С.М. Ахметов
С.М. Ахметов
ҚР ӘМ ЗМҚК «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры
QAZPATENT БАСШЫЛЫҒЫ ЖАПОНДЫҚ ПАТЕНТТІК ВЕДОМСТВОҒА (JPO) БАРДЫ
Qazpatent директоры Ербол Оспанов пен оның орынбасары Айша Жұмабекова Жапон патенттік ведомствосының комиссары Хамано мырзамен кездесті. Кездесу барысында ЗМ және көрсетілетін қызметтердің ұлттық жүйелерін жетілдіру мақсатында Зияткерлік меншікті басқару саласында болашақ екіжақты ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Келіссөздер барысында жапондық тарап Жапонияның Гаага жүйесіне қосылу тәжірибесімен, оның артықшылықтары туралы, сондай-ақ осы жүйе шеңберіндегі Өнеркәсіптік үлгілерді патенттеу рәсімінің ерекшеліктері туралы бөлісті.
Кездесу соңында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу арқылы өзара іс-қимыл туралы өз ниеттерін бекіту, сондай-ақ зияткерлік меншіктің ұлттық жүйелерін өзара зерттеу үшін екі ведомство сарапшыларынан жұмыс тобын құру туралы уағдаластық қабылданды.
- 21.02.2023
- 213