- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
«Үздік ауыл әкімі» Республикалық конкурсын өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарлайды.
Конкурсты өткізу кезеңі: 2023 жылдың ақпан-маусым айлары.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында екі жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ 2022 жылға «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы «тиімдіден» төмен емес бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне (бұдан әрі – ауыл әкімі) жол беріледі.
Конкурсқа бір жыл ішінде Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа, сондай-ақ қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық көрсетіп әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған әкімдер қатыса алмайды.
Конкурсқа құжаттар 2023 жылдың 22 ақпанынан бастап 20 наурызына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.
Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаментінің және облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған
(https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/433346?lang=kk ).
Конкурс құжаттарын тиісті өңірдің аудандық әкімдігіне жолдау қажет.
Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша 8-701-777-4580 тел. нөміріне хабарласуға болады.
- 23.02.2023
- 196