• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіруіміз керек-Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысында жыр алыбы Жамбылдың туғанына 177 жыл толуына орай , «Ғасыр ғұмырлы ғажап ақын»  атты салтанатты шара өтті. «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділіне арналған кештің шымылдығы, ғасыр ақынының ескерткішіне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтың гүл шоқтарын қоюынан бастау алып, соңы аймақ басшысының қатысуымен Қонаев қаласындағы мәдениет үйіндегі үлкен мерекелік концертке ұласты. Салтанатты шарада қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен, қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген саңлақ туралы «Ұлы даланың жыр Жолбарысы» театрландырылған пролог сахна төрінде көрініс тапты. Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі әр адамның жадында жатталған. Ол расында, «өлең кірген түсіне - Жөргегінде мен болам», – деп өзі айтқандай, өмірге өлең болып туған сирек құбылыс. Айтыс өнерінің майталманы Сүйінбайдың батасын алған, қазақ әдебиетінің классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың өзі «Жамбыл-ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау. Оның бір өзі әрі эпик, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» - деп,баға берген алып тұлғаның адамзаттың өмірінде алар орны айрықша. Артында қалаған мұрасы талай жанға азық болып қалған дала дарынын ұлықтау бүгінгі ұрпаққа парыз. Шарада өзінің құттықтау сөзінде, облыс әкімі Марат Елеусізұлы да, ғасыр жасаған ақын жауһар жырларымен туған елінің қошеметіне бөленгенін тілге тиек етіп, Жамбылдың балалық пен даналықтың арасында өмірдің ақиқат шындығын, елінің асыл арманын, ізгі мұратын жырлағанын атап өтті. «Елдікті, əділдікті, ерлікті дəріптеді. Сөйтіп өзінің мөлдір гауһар жырларымен өз халқының ыстық ықыласына бөленді. Есімі əлемге аңыз болып тарады. Соңғы 2 жыл ішінде ақынның мұраларын насихаттайтын «Жамбыл əлемі» атты 30 томдық кітап жарық көрді, атақты ғалымдардың еңбектерімен тағы 10 томдық жинақ оқырман қауымға жол тартқан болатын. Анкара қаласында «Жамбыл Жабаев» атты кітаптың тұсауы «Түріксой» ұйымының басқарма басшысы Санжар Мүлəзімұлының қатысуымен кесілген еді. От ауыз орақ тілді ақынның мұралары болашақта тереңінен зерттеліп, кейінгі ұрпаққа асыл қазына болып қалары сөзсіз. Біз Жамбыл Жабаевтың мол мұрасын тек мерейтойда ғана емес, әр жыл сайын жүйелі түрде жас ұрпақтың санасына сіңіруіміз қажет»,-деді Марат Сұлтанғазиев. Салтанатты жиында облыс әкімінен бөлек, ақын, драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин мен белгілі жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбылтанушы, Алматы облысының құрметті азаматы Нағашыбек Қапалбекұлы да сөз маржанын терген тума таланттың ғазиз жырларына тоқталып, оның шығармашылығының маңызы туралы ой өрбітті.

  • 28.02.2023
  • 202
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика