- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Сіздерді ел ынтымағын айшықтап, бірлігімізді бекемдей түсетін Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тіршілігін түзеп, өзгемен терезесін теңестірген еліміздің ырыс-берекесінің темірқазығы қашанда бір-бірімізге деген құрмет пен ізеттілік екені анық. Осы тұста тағылымға толы тарих беттерінде Алатау бөктеріне қоныс аударған сан халыққа пана болған өңіріміз татулық пен бірліктің талбесігіне айналды.
Бүгінгі таңда тәуелсіздікпен бірге ту еткен ынтымағымыздың жемісі - облыс тұрғындарының экономиканың әр саласындағы еселі еңбектерінен көрініс табуда. Сондықтан, бүгінгі айтулы күнді пайдалана отырып, облысымыздағы әр шаңыраққа шаттық тілеймін. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мереке әр отбасының ырысын арттырсын!
Ізгі ниетпен, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев
- 01.03.2023
- 174