• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АТЫРАУДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен «Ұлт көшбасшысы және заманауи мемлекеттік аппараттың келбеті» атты ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Конференция ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылды», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрайымы Анар Жайылғанова, ҚР Парламент Сенатының жанындағы Сенаторлар Кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілов, мемлекеттік орган басшылары, қоғам белсенділері, оқу орындарының өкілдері мен Агенттіктің аумақтық департаменттерінің жетекшілері қатысты.

Басқосуда алғаш сөз алған өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов жиынның ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылуының өзіндік мәні бар екендігін айтты.

- Қазіргі заманға сай мықты мемлекеттік аппарат құру тікелей – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Егемендік алған кездері ел тарихи сын-тегеурінге тап болғанын білесіздер. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан Елбасы жаңа жағдайларға төтеп беретін мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруды көздеді. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық әлеуеті маңызды рөл ойнайтының жақсы түсінді. Мемлекеттік аппараттың сапасы кез келген елдің даму процесінде шешуші факторға ие. Сондықтан ол елдің стратегиялық басымдықтарының тиімді орындалуын қамтамасыз етуі тұрғысынан ерекше маңызды. Ұлт көшбасшысының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан - посткеңестік елдер арасында осы бағытта алғаш болып жүйелі қадамдар жасады, - деді облыс әкімі.

Махамбет Досмұхамбетов өз баяндамасында өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан қолдау бағытында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарды да атап өтті.

- Жыл басталғалы жергілікті атқарушы органдар факторлы-балдық шкалаға негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшті. Пилоттық моделдің енгізілуі жергілікті деңгейде кадрлардың ауысуының азаюына септігін тигізді. Мәселен, мемлекеттік қызметшілердің ауысуы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,6%-дан 2,6%-ға дейін азайған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік аппарат тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жалақы мөлшерінің өсуі мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттырды. Атап айтқанда, бос лауазымдарға жарияланған конкурстарда бір орынға қатысушылардың саны 50%-ға өсті. Соның арқасында мемлекеттік аппарат білікті кадрлармен толығуда. Нәтижесінде, облыс әкімдігіндегі мемлекеттік қызметкерлердің сапалық құрамы да артты. Қатарымыз 1 докторлық, 2 кандидаттық және 3 PhD докторы және «Болашақ» бағдарламасының 3 түлегімен толықты. Ал бос лауазымдардың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға дейін азайып отыр, - деп қорытындылады Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кетелік, конференция барысында төрт өзекті тақырып талқыға түсті. Қатысушылар жаңа мыңжылдықтағы мемлекеттік аппараттың ілгері дамуы, ауылдық округ әкімдерінің мәртебесі сынды тақырыптар бойынша ой бөлісіп, пікір алмасты.

Аталған конференция алдағы уақытта өз жалғасын тауып, ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында жыл сайын өткізілмек.

  • 30.11.2020
  • 293
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика