• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында «Бірге таза Қазақстан» акциясы өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында Жамбыл облысының барлық аумағында «Бірге таза Қазақстан» акциясы өтті. Шара аясында сенбілік ұйымдастырылып, ағаш көшеттері отырғызылды.

Жамбыл ауданынының тұрғындарының қатысуымен 250 арша және туя ағашы отырғызылды. Шараға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы қатысты. Ол күтіп, баптау жұмыстарына баса назар аудару керектігін жеткізді. Тазалық жұмыстарына 2800 азамат, 16 арнайы техника жұмылдырылып, 80 тонна қоқыс шығарылған.

Ал, Т.Рысқұлов ауданында 1000 түп көшет отырғызылды. Аудан әкімі Ернар Есіркепов ауыл ақсақалдары бірге «Жеңіс саябағы» аумағында декоративті шырша көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ, акция аясында көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 13000 шақырым арықтар мен каналдар, 64 шақырым көше жолдары тазаланып, 14 тонна қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ аудан көлемінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар жалғасуда. Білім ошақтары мен мекемелерде “Бауырсақ пати” акциясы, ұлттық нақыштағы сәндік-қолданбалы көрмелер, ұлттық ойындардан түрлі жарыстар ұйымдастырылып, өнерпаздар мен өнерсүйер жастар ән шырқап, күй тартып, аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлауда.

Қордай ауданында 1 наурызда бастау алған көктемгі абаттандыру және тазалық екі айлығы бүгінде жалғасты. Аудан әкімі Бекзат Болатбековтің, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен 1000 түп емен ағашының көшеттері отырғызылды.

  • 20.03.2023
  • 173
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика