• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.

Жетісу облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН!

Құрметті жетісулықтар!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Адамзат баласы асыға күтетін жыл басы Наурыздың тарихы тереңде. Бұл айда табиғат оянып, тіршілік жанданады, көк өніп, жақсылық молаяды. Адамдар бірі-біріне ерекше мейірім танытып, дәстүрлі халықтық, ұлттық құндылықтарды кеңінен паш етеді. Бүгінгі дәуірге жаңғыра жеткен бұл көне мейрам соңғы жылдары жаңа, терең мазмұнда тойланып, оның жалпыхалықтық сипаты айқындала түсуде. 

Әз-Наурыз – қоғамды біріктіруші, бірлік пен татулыққа үндеуші. Ұлтына, діни наным-сеніміне қарамастан азаматтарды адамгершілік идеясының аясына топтастыратын қастерлі мейрам. «Жақсылық қылған жерде тапшылық тұрмайды», - дегендей, осы айда қайырымдылық, өзара көмек шаралары кеңінен атқарылады. Ізгі тілектер ақтарылып, дастархан дәмге, маңай ізгі шуаққа толады.

Табиғат-Анаға деген қамқорлық, адал еңбекке баулу, үлкенді құрметтеу, кішіге тілекші болу – Наурыздың ажырамас бөлігі. Көпшілік бұл мерекеде тал егіп, бұлақтың көзін ашады.  

Осы күні ұлттық салт-дәстүрлеріміздің мән-мағынасы, ішкі мазмұны барынша ашылып, айқындала түседі. Бауырластықтың бағасы артып, ынтымақ еселенеді. Бүгінде дамудың жаңа кезеңіне өтіп отырған еліміз үшін ішкі бірлігін, мемлекеттің тұғырлығы мен тұтастығын сақтаудың маңызы зор. Осы орайда Наурыз мерекесі жетісулықтардың ауызбіршілігін бұрынғыдан да бекемдеп, жаңа жетістіктерге жетелей түседі деп сенемін.

Ұлыс мерекесі әр шаңыраққа жақсылық, молшылық, бақ-береке әкелсін! Еліміздің іргесі тыныш, ырысы-несібесі мол болсын. 

Құрметпен, Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев

  • 24.03.2023
  • 203
Исабаев Б.Ө.

Жетісу облысының әкімі

Исабаев Б.Ө.
(Мұрағат)

Жетісу облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика