• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Х Баку жаһандық форумы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Х Баку жаһандық форумында сөз сөйледі.

Оныншы рет өткізіліп отырған форумның интеллектуалдық платформаға айналып келе жатқанын атап өткен Дархан Қыдырәлі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясында сөйлеген сөзін еске салды.

"Мемлекет басшысы тәртіп пен жауапкершілікке негізделген халықаралық жүйе бүгінгі хаос пен белгісіздік алдында есе жіберіп алғанын айтқан еді”, - деді министр.

Сондай-ақ Д.Қыдырәлі Қазақстанның
тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен бас тартып, Семей полигонын жауып, халықаралық қауымдастық алдында ядролық қарусыз әлем құрудағы табандылығын көрсеткенін, бұл жаһан проблемасын жұмыла шешудегі Қазақстанның үлесі екенін айтты.

Министр жаһанның және аймақтың алдында тұрған сын-қатерлер, оның ішіндегі климаттың, азық-түліктің және ядролық қауіпсіздікпен қатар, постшындық дәуірінде белең алған гибрид соғыстары, инфодемия құбылыстары ақпараттық қауіпсіздікке де ерекше назар аудару қажет екенін көрсетіп отырғанын атап өтті.

"Гибридті соғыстар мен инфодемия біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Бұл ақпараттық қауіп және ақпараттық соғыстың шегі жоқ. Киберқылмыстың өсуі біздің өміріміздің барлық салаларына, соның ішінде ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, қаржы, қауіпсіздік, көлік, энергетика, ғарыш және суасты коммуникацияларына шабуылдар көбейген сайын айқын көрінеді. Қажетті ресурстарды, технологиялық шешімдерді, сондай-ақ, осы саладағы мамандарды даярлау маңызды міндет", - деді министр.

Жаңа технологияның дамуы адам өміріне артықшылақтар берумен қатар, сын-қатерлермен де бетпе-бет келтіріп отыр.

"Көптеген ғалымдар жасанды интеллект мемлекеттердің жұмысын жақсартады және ХХІ ғасырда қоғамның күрделі мәселелерін шешеді деп болжайды. Алайда медиа мен цифрландырудағы этика мәселесі алдан шығып отыр. Сондықтан жасанды интеллектіні дұрыс пайдалануды реттеу, сондай-ақ, оны қолдану құқығын қалыптастыру мәселелері зияткерлік ортада кеңінен талқылануы тиіс", - деді Д.Қыдырәлі.

Сонымен бірге министр Каспий теңізінің экологиялық жағдайына да назар аудару қажет екенін тілге тиек етті.

"Каспий теңізі - баламасы жоқ су бассейні және ол бес ел экономикасының базалық ресурсы. Алайда ғалымдардың зерттеуінше, XXI ғасыр соңында Каспийдің көлемі азаюы мүмкін. Бұл аймақтағы экожүйе мен экономикалық қауіпсіздікке сын-қатер төндіреді, - деп атап өтті Д.Қыдырәлі.

Осымен 10-ыншы рет өткізіліп отырған Баку жаhандық форумына Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев, әлемнің белгілі саяси қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.

Айта кету керек, қазақстандық делегация құрамында ғылыми-зерттеу орталықтары мен министрлікке қарасты мекемелердің өкілдері болды.

(c) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 29.03.2023
  • 306
Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика