- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Павлодар облысы өрт қаупі кезеңге дайындалуда
Бүгін ТЖ жөніндегі облыстық комиссияның отырысында Шарбақты ауданының орман алқаптарына жақын орналасқан Шалдай, Есілбай, Жаңаауыл, Садықащы ауылдарындағы адамдардың қауіпсіздігі және Сахновка, Шегірен, Алексеевка ауылдарына өрт техникаларын орналастыру мәселесі талқыланды. Облыстық ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің ақпараты бойынша, 2022 жылы Павлодар облысының аумағындағы орман өрттерінің саны 2021 жылмен салыстырғанда 40%-ға артқан. Орман және дала өрттері экологияға зиян тигізумен қатар 111 млн. теңге материалдық шығын келтірді. Жасұлан Жұмашев құрғақ найзағай мен желден бөлек өрттің пайда болуы орманда от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылын лақтыруға байланысты екенін атап өтті. Облыс әкімі отқа оранып жойылған тұрғын үйлер еліміздің басқа өңірлеріндегі орман өрттерінің қайғылы салдарын еске салды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Асайын Байханов 15 сәуірге дейінгі мерзімде облыста өрт сөндіру бекеттерінің, арнайы техниканың жұмысын ұйымдастыруды және барлық қажетті материалдардың болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Хабарлау және техниканың дайын болмауы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін болғандықтан Ақмола облысының тәжірибесі зерделенді. Мұнда 16 дербес бейнебақылау діңгегі орнатылған. Биыл өңірде облыс аумағында осындай құрылыстарды орналастыру жобасын әзірлеу жоспарлануда. Бұл өрт орындарын дер кезінде анықтауға және оларды ерте кезеңде жоюға мүмкіндік береді.
- 31.03.2023
- 158