- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Газоблок зауыты
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай біздің алдымызда халықты баспанамен қамтамасыз ету міндеті тұр.
Өткен жылы облыста 450 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, биыл 500 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Осы мақсатта биыл бюджеттен 28 млрд.теңгеге жуық қаржы бөлінді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Осы қарқынмен 5 жыл ішінде облыстың тұрғын үй қорын 2,5 млн. шаршы метрге ұлғайтып, 150 мыңға жуық адамды баспанамен қамтамасыз етеміз.
Бүгінгі таңда құрылыс саласы құрылыс материалдарының тапшылығын сезінуде. Осыған байланысты біз өз өндірісімізді ұлғайтып, газоблок пен кірпіш шығаруымыз керек. "RealtyKST" ЖШС газоблок зауытының ашылуы осы мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс.
- 10.04.2023
- 154