• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Облыста 70 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелері қаралды.

2020 жылдан басталған «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша жамбылдықтар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналып 338 үй салды.

Осы жылы 106 баспанаға мұқтаж отбасы үшін үй салу жоспарланған.

 Аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешіп қана қоймай, олардың тұрақты табысының бар болуын қамтамасыз ету керек, – деп тапсырды облыс әкімі.

Кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы 4 208 пәтерлі 68 көпқабатты үйдің құрылысы қолға алынып, оның 2 260 пәтерлі 34 үйі пайдалануға берілді.

Биыл «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» жобасы аясында облыста жалпы сомасы 11,6 миллиард теңгеге 3 689 пәтерлік 70 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Жыл соңына дейін 2564 пәтерлік 45 үйді пайдалануға беру жоспарда бар.

Жеке инвестиция есебінен 435 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс қолға алынған.

Осы жылы 71 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға 8,4 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде кезекте тұрғандар жаңа аумақтардан 869 жер телімін алады.

Облыс әкімі уәкілетті органдардың құрылыс сапасын қатаң бақылау қажеттігіне назар аударды.

 Барлық учаскелердегі құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Сонымен қатар бюджеттік қаражатты үнемдеп игеруге назар аударыңыздар. Мемлекеттік бағдарламалардың тетіктерін тиімдірек пайдалану қажет, – деп түйіндеді сөзін Нұржан Нұржігітов.

Жиын барысында суару арналарын жөндеу және вегетациялық кезеңге дайындық мәселелері де талқыланды. Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» облыстық филиалының қызметін сынға алып, аудан әкімдеріне бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

  • 10.04.2023
  • 201
Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика