- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
жылыту маусымына дайындыұ
Өңірге менің шақыруыммен «ЦАЭК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Севказэнерго» АҚ құрылтайшысы Сергей Кан келді. Кездесу барысында ЖЭО-2 және жылу желілерін жаңғырту бағдарламасы талқыланды.
Алғашында құрылтайшылар станса қондырғыларын салу және жөндеуге 6 млрд теңге бөлуді жоспарлаған еді. Жиында Сергей Кан бұл соманың 9 млрд теңгеге дейін өскенін айтты. Аталмыш қаржыға қазандықтар жөнделіп, жаңа мұржа салынады.
Тағы 3 миллиард теңге жылу және электр желілерін жаңартуға бағытталады. Жалпы, биыл құрылтайшылар компанияның өз қаражатынан 12 млрд теңге бөледі. Біз үшін басты міндет - кезекті жылыту маусымын үздіксіз өткізу.
- 20.04.2023
- 129