- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Футболшылармен кездесу
Жергілікті «Қызылжар СК» клубының футболшыларымен кездестім. Біздің команда Премьер-лига ойындарын сәтті бастап, 1-ші орында келеді. Облыста балалар футболына, клубтың жастаржәне негізгі командасына барлық жағдай жасалған. Сондықтан жанкүйерлер біздің командадан тек жеңістер мен маусымның сәтті аяқталауын күтеді.
Облыста спорттық инфрақұрылым жақсаруда. «Қарасай» стадионын қайта жаңғырту басталды. Жылу және суару жүйесі бар жаңа футбол алаңы, жарықтандыру, электронды табло, дыбыстық аппаратура қойылады.
Өткен жылы «Жастар» стадионына жаңа жасанды төсеніш төселді. Сондай-ақ биыл жабық футбол манежінің де алаңы ауыстырылды.
- 20.04.2023
- 161