- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
СҚО-ғы көне мешітте ислам мәдениетінің мұражайы ашылды
Қасиетті Рамазан айында облыс орталығында ислам мәдениеті мұражайы ашылды. Ашылу рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен облыс жұртшылығы қатыcты.
Бұл өңір мұсылмандары үшін айтулы оқиға. Қаламыздағы 19-шы ғасырда салынған көне мешіт қайта қалпына келді. Реставрация кезінде ғимараттың бастапқы келбетін сақтауға баса мән берілді. Бұл тарихымызға тағзым жасап, рухани құндылықтарды дәріптеудің жарқын белгісі. Рухани орда дәстүрлі ислам тарихы мен мәдениетін насихаттауға елеулі үлес қосатын болады.
- 20.04.2023
- 186