• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
ERG Павлодар облысының әлеуметтік маңызы бар жобаларына 3 млрд теңге қаражат береді

Осы жайындағы Меморандумға Еуразиялық Топтың Басқарма төрағасы Серік Шахажанов пен Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қол қойды.
Қаражат дәстүр бойынша аймақты дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға арналған.

Павлодарда ERG Усолка шағын ауданында жаяу жүргіншілер көпірін салуға ақша бөледі. Сондай-ақ, 8 қалалық кітапхананы жаңарту жобалары әзірленетін болады.

Екібастұзда «Ерекше үй» атты балаларды түзету орталығына қаржы бөлінеді, сондай-ақ, «Шахтер» саябағын қайта құру бойынша ЖСҚ әзірленеді.

Ақсу қаласына ERG жылу желілеріне техникалық аудит жүргізуге қаражат бөлумен қатар «Туған қала» жобасын іске асыруды жалғастырады. Бұдан бөлек, қалалық аурухананы көп бейінді ауруханаға ауыстыру үшін қайта құру бойынша ЖСҚ әзірленетін болады.

Баянауыл ауданында - Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Шәкен Айманов және басқа да көптеген ұлы жерлестеріміздің туған жерінде бірнеше жобаны әзірлеу көзделген.
Олардың қатарында Баянауыл ауылындағы ҰОС батырларының стелласы бойындағы жаяу жүргіншілер-серуендеу аймағын қайта құру, Сабындыкөлдің жағалауы мен жағажайды қайта құру, дене шынықтыру-сауықтыру және визит орталығын салу, лиманды суару жүйелерін қайта құру жобалары бар.

Бұдан басқа, ERG меморандумы аясында облыста Железин ауданының Моисеевка және Павлодар ауданының Сычевка ауылдарындағы авариялық мекемелердің орнына 2 жаңа мектеп (әрқайсысы 100 орынға) салынады.

Сондай-ақ, меморандум қаражатына неонатолог дәрігерлерді оқыту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, облыс колледждерінің материалдық-техникалық базасын нығайту ұйымдастырылады.

Өңір басшысы Асайын Байханов топ өкілдеріне өзінің қызметі барысында ERG жыл сайын өзінің ірі кәсіпорындары орналасқан Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша меморандумдар жасайтынын және өңірдің дамуына елеулі үлес қосатынын айтты. Әсіресе әкім компания басшылығының ұсынылған жобаларға мұқият қарайтынын және әрдайым өңір тұрғындары үшін үлкен игілік әкелетін жобаларды қолдауға тырысатынын атап өтті.

  • 05.05.2023
  • 177
Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика