- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Облыс әкімі Асайын Байханов Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барды.
Ұлы Жеңістің қарсаңында аймақ басшысы Павлодар қаласында тұратын ардагерлермен кездесіп, мерекемен құттықтады, ерліктері үшін алғыс айтып, қаһармандарға мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Жастары ұлғайғанына қарамастан ардагер ата-әжелер әлі тың және Жеңістің 80-жылдығын қарсы алуға үмітті. Бүгін олардың әрқайсысы майдан күндері мен соғыстан кейінгі еңбек жылдарын еске алды.
Бейбіт өмір мен тұрақтылық сыйлаған ардагерлердің қатары жыл сайын сиреп келеді. Қазір облыс аумағында 12 ардагер болса, олардың 7-і Павлодар қаласында тұрады.
- Майдан даласында қаза тапқан және әлі жанымызда жүрген ардагерлерді ұлықтау – біздің қасиетті борышымыз, - деп атап өтті Асайын Байханов.
- 10.05.2023
- 123