- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Мәжілісте «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды
ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті және Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобы «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады.
Дөңгелек үстел барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасының негізгі тәсілдерін таныстырып, «бұл заң жобаларын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобының - ұжымдық жұмысы, оған барлық мүдделі тараптар, оның ішінде сарапшы-заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері енгізілді» деп атап өтті.
Сондай-ақ, заң жобаларының негізгі новеллалары қоғамдық бақылау институтын дамытуға және қолдауға бағытталатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстанның Азаматтық Альянсының басшысы Бану Нұрғазиева және Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қоры басшысы Зәуреш Батталова заң жобасының маңыздылығын және оны Жұмыс тобы шеңберінде егжей-тегжейлі пысықталуын атап өтті.
(с) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
(28.04.2023)
- 16.05.2023
- 149