• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Дархан Қыдырәлі Әбу Дабиде өткен Толеранттылық туралы форумда сөз сөйледі

Әбу Дабиде өткен “Толеранттылық үшін дүниежүзілік үкіметтердің инкубаторы” форум мемлекеттер толеранттылық, қоғамдық келісім мен тұрақтылық үшін не істей алады, дескриминация мен төзімсіздікпен қалай күресеміз деген сұраққа жауап іздейді. Бірнеше елдің салалық ведомстволары қатысқан жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйледі.

“Өздеріңізге белгілі, XXI ғасырдағы әлем жұртшылығын дүрліктіріп отырған сын-қатерлерге тойтарыс беруде толеранттылық, адами бауырластық, татулық құндылықтары ерекше мәнге ие. Біз бұл қастерлі құндылықтың қадыр-қасиеті мен мән-маңызын күні кеше дүние жүзін әп-сәтте шарпып өткен коронавирус індеті кезінде байқадық деген ойдамын. Бір қоғамда өмір сүре отырып, жүріс-тұрысы шектеліп, виртуалды байланысқа түскен кезде, таныс та бейтаныс адамдар өзара түсіністік таныта отырып қана осы қиындықты еңсерді”, - деді министр.

Сондай-ақ министр Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

“Біріккен Ұлттар Ұйымында басқарушы қызмет атқарған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әлемнің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен елдегі тыныштықтың тұрақты болуына үнемі назар аударып отыр.  Бұған қоса, Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының диалог алаңына айналды. Дін қайраткерлерінің басын қосатын Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің Съезі Астанада жетінші рет өткізілді”, - деді Д.Қыдырәлі.

Сондай-ақ министр толеранттылықты насихаттаудағы масс медианың маңызы ерекше екеніне тоқталды. “Медиада араздық тілінің қолданылмауын қадағалап, керісінше, елді бірлікке, татулыққа үндеу, халықты рухани жақындастыруда ақпарат құралдарының ролі зор. Бүгінгі конференция да осы мақсаттың орындалуына өз үлесін қосады деп сенемін және ұйымдастырушыларға алғыс айтамын”, - деді Дархан Қыдырәлі.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу Дабиде “Толеранттылық үшін дүниежүзілік үкіметтердің инкубаторы” атты форум өтіп жатыр. Жиынға Әмірліктің Толеранттылық және қатар өмір сүру министрі Нахаян бен Мубарак Әл Нахаян қатысты.

(с) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

(10.05.2023)

  • 16.05.2023
  • 191
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика