• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Таразда белгілі әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына арналған кеш өтті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов белгілі  әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жас мерейтойына арналған «Ән – жырым саған, туған ел!» атты  кешті көпшілікпен бірге тамашалап, өнер иесін құттықтады.

Кеште Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  Қырғызстанның Еңбек сіңірген әртісі, Жамбыл облысының құрметті азаматы, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаевтың күйлері мен әндері орындалды.

Сондай-ақ, шара барысында 2008-ші жылдан бастау алып, Жамбыл облысының рухани-мәдени өміріне жаңа серпін беріп келе жатқан Алтынбек Қоразбаевтың «Ән-жырым саған, туған ел!» атты ІІІ Халықаралық эстрадалық әншілер конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Облыс әкімдігінің қолдауымен өткен байқауға 50-ден аса өтініштер түсіп, 20-ға жуық жас талант иелері өнерлерін сынға салды.

Құрамында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі Аида Смағұлова, Қазақстанның Еңбек сіңірген  қайраткері, «Тараз» триосының әншісі Асылхан Шүңіреков, композитор, кәсіби ән өңдеуші Арман Бексұлтан, дәстүрлі және эстрада әншісі, ҚР Өнер қайраткері Алма Аманжолова, әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, конкурс төрағасы Жұбаныш Жексенұлы бар қазылар алқасы өнерпаздардың қарым қабілетін бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Нәтижесінде жамбылдық Ербосын Қасымбек I орынды, жетісулық «Браво» дуэті II орынды жеңіп алса, маңғыстаулық Азамат Амангелдіұлы III орыннан көрінді.

Ал бас жүлдеге К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Дулат Жасұзақ лайық деп табылды.

Бас жүлде марапатын облыс әкімі Нұржан Нұржігітов тапсырып, Алтынбек Қоразбаевтың талантын жоғары бағалап, барша жамбылдықтардың мақтанышы екендігін атап өтті.

Өз кезегінде мерейтой иесі де өзінің жерлестеріне деген жүрекжарды ризашылығын жеткізді.

Шара концерттік бағдарламаға ұласып, облыс әкімінің «Ықылас гүлі» ұсынылды.

  • 19.05.2023
  • 208
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика