• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
13 мамырда Алтай Көлгінов Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

Павлодар облысына сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Екібастұз қаласының тұрғындарымен және Ақсу ауданындағы «Ауыл аманаты» бағдарламасының болашақ қатысушыларымен кездесті. Халықпен кездесу – азаматтарды қандай мәселелер толғандыратынын білу үшін жақсы мүмкіндік. Әрине, Екібастұз тұрғындары үшін қалада қызу жүріп жатқан жылу желілерін жөндеу жұмыстарының барысы, сондай-ақ көп пәтерлі үйлерге қызмет көрсету мәселесі өзекті болып отыр. Сондай-ақ екібастұздықтар үшін мектептер құрылысы мен оларды жөндеу, оқушылар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері маңызды саналады. «Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде 2029 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданды, оның негізінде өңірлерде жастардың басты проблемаларын: тұрғын үймен қамту, жұмысқа орналастыру, оқыту және біліктілікті арттыру, бос уақытты ұйымдастыру мәселелерін шешуді көздейтін жеке бағдарламалар әзірленіп жатыр. Маңызды бағыттардың бірі –  салауатты өмір салтын қалыптастыру. Өңірде спорт нысандары жеткіліксіз және бұл мәселе – Үкіметтің бақылауында, себебі азаматтардың денсаулығы осыған тікелей байланысты. Оны бюджет қаражаты есебінен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жағдайында бизнес өкілдерін тарту арқылы шешу қажет», — деді Алтай Көлгінов. Сонымен қатар қосымша білім беру нысандары да тапшы. Мысалы, Екібастұзда балалардың тек 26%-ы үйірмелерге қатыса алады. Барлық өңір үшін өзекті болып отырған мәселені шешу үшін Қазақстанда шығармашылық және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған 100 ірі орталық және 50 балалар сауықтыру лагерін салу жоспарланып отыр. 2024 жылы Екібастұзда Инновациялық шығармашылық орталығының құрылысын бастау жоспарланып отыр, оның орны белгіленіп қойған. Оған қоса тұрғындар қалалық перзентхананың жай-күйі мәселесенін көтерді. Ол 80-жылдардың соңында салынған, сондықтан оны күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа жабдықтармен қамту қажет. Алтай Көлгіновтің айтуынша, елімізде 13 перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр. Алайда құрылыс аяқталғанға дейін бірнеше жыл өтеді, сондықтан қолда бар медициналық нысандарды да жабдықтау қажет. «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасы бойынша 600 медициналық нысан салу және 32 ауданаралық аурухананы кеңейту жоспарланып отыр. Бұл ауқымды жобаның мақсаты – қазіргі кезде аудан және облыс орталықтарына көмек сұрап баруға мәжбүр ауыл тұрғындары үшін медицинаны қолжетімді әрі сапалы ету», — деді вице-премьер. Павлодар облысы Ақсу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алтай Көлгінов «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылуы туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылар бағдарламаның шарттары туралы өз сұрақтарын қойды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі мақсаты – халықтың табысын арттыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау. Бағдарламаны іске асыру үшін 2023 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді, 17 мың шағын несие беру жоспарланған. Павлодар облысында осы мақсаттарға 1,5 млрд теңге қарастырылған, бұл жеңілдікпен берілген несиенің арқасында 300-ден астам жеке шаруа қожалықтарын құруға мүмкіндік береді», – деді Премьер-Министрдің орынбасары А. Көлгінов. Ауыл тұрғындары несиені өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы ресімдей алады. Егер кооперативтер құрылатын болса, онда ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға мүмкіндік беріледі, яғни техника құнының жартысын мемлекет субсидиялайды. Бұл орайда қарыз сомасы айтарлықтай арта түседі. Бағдарламаның басты нәтижесі ретінде ауылдық жерлерде жұмыспен қамту мәселесін шешілуге тиіс.

  • 30.05.2023
  • 165
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика