- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының заң жобалары мақұлданды
31 мамырда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында (2-оқылымда) «Қоғамдық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары мақұлданды.
Аталған актілер ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған қоғамдық бақылауды күшейту саласындағы міндеттерді орындау үшін құқықтық жағдай жасау мақсатында әзірленді.
Заң жобасының негізгі мақсаты қоғамдық бақылауды жүзеге асыру арқылы азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету.
Заң жобасы қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың негізгі ережелері мен принциптерін белгілейді.
Заң жобасында қоғамдық бақылаудың бірқатар маңызды қағидаттары бекітіледі, олардың ішінде қоғамдық бақылаудың заңдылығы, жариялылығы, ашықтығы, қоғамдық бақылау субъектілерінің қатысу еркі мен тәуелсіздігі.
Жұртшылықтың ұсыныстары бойынша қоғамдық бақылау объектілерінің тізбесі едәуір кеңейтілді. Мысалы, мемлекеттік білім беру ұйымдарымен қатар дербес білім беру ұйымдары да қоғамдық бақылауға алынатын болады.
Бұдан басқа, мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары курсанттарының отбасы мүшелері олардың тұру, оқу және тұрмыстық жағдайларымен танысу үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алады және т.б.
Бұл түзетулер мемлекеттік институттар қызметінің тиімділігіне қоғамдық бақылау институтының рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұдан әрі заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қаралатын болады.
- 02.06.2023
- 186