• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысында керемет көлемдегі Қазақстан туы көрсетіліп, бір мезетте барлық аудандар мен қалаларда Мемлекеттік әнұран орындалды

Республиканың Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде атап өтілді. Алматы облысының орталығы Қонаев қалсында, Қазақтың кең көлемді көк туы қала тұрғындарының назарына ұсынылып көрсетілді. Ұзындығы 30 метр, ені 15 метр және салмағы 150 келіге жуық елдің туын, Қоғамдық даму орталығы арнайы тапсырыс бойынша дайындатқан.

Іс – шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен "Мемлекеттік туым-менің мақтанышым" челленджі аясында ауқымды трендтік бейнеролик түсірілді.

«Көк туымыз бейбітшіліктің символына айналды. Әнұранымыз әлемнің әр тарабында шырқалып, жасампаздықтың жыры болып келеді. Мұның барлығы қазақстандық патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады.
Өз кезегінде Тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш»,- деді өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде.

Мерекелік іс-шараға еңбек ардагерлері, өңір аумағында жұмыс істейтін ҚР Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, оқушылар, студенттер, кәсіпкерлер, әскери және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, бұл күні Қазақстан жалаулары бар ретроавтобильдердің дәстүрлі жылжымалы көрмесі өтті. Онда қала тұрғындары бір кездері Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың автомобилін тамашалады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Алматы облысының жастары ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібековпен кездесті.

Сонымен қатар, бұқаралық салтанатты іс-шаралар Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларында өтті.

  • 05.06.2023
  • 204
Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика