- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Руслан Мұқанов Аққулы ауданының әкімі болып тағайындалды
Аққулы ауданы активінің жиналысында өңір басшысы Асайын Байханов ауданның жаңа әкімін таныстырды. Асайын Байханов Абзал Балғабаевқа Аққулы ауданының әкімі лауазымында атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, содан кейін жаңа басшыны таныстырды. Руслан Мұқанов 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастады. Бұдан кейін Павлодар қаласының әкімдігінде және Павлодар облысының әкімдігінде бас маман болып жұмыс істеді. 2013 жылдан 2023 жылға дейін облыстық Дін істері басқармасында, Кәсіпкерлік және туризм бөлімінде бөлім басшысы, содан кейін Тереңкөл ауданы әкімі аппаратының басшысы, Аққулы ауданы әкімінің орынбасары, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар облысы әкімі аппаратының хаттамалық-ұйымдастыру және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
- 09.06.2023
- 207