• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласын абаттандыру жұмыстарын тексерді

Өңір басшысы жұмыс сапарын Красноярская көшесі, 50 мекен-жайындағы ауладан бастады. Мұнда биыл жаңа балалардың ойын алаңы орнатылды. Осы үйдің тұрғындары бұған дейін бірнеше рет жергілікті билікке өз аулаларын абаттандыру мәселесі бойынша жүгінген болатын. Өткен жылы олардың өтініші бойынша алаңды жобалау басталды. Биыл қалада барлығы 150 аула абаттандырылады. Жұмыстар 3 кезеңмен жүргізіледі. Бүгінгі таңда Павлодардың 57 ауласында дайындық жұмыстары жасалды. Алаңдардың орны дайындалып, жақын арада ойын элементтері орнатылады. Әкім барлық жұмыстарды сапалы жүргізіп және 2023 жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды тапсырды. Спорт алаңдарының құрылысы да жалғасуда. 15 маусымға дейін 20 стритбол алаңы орнатылады. Қазір 15 аулада жұмыстар аяқталды. Бүгін Асайын Байханов Российская көшесі, 22 үйінің ауласында болып, осы жұмыстар аяқталған жерде тұрғындармен жүздесіп және олардың орындалған жұмыстарға қанағаттанғанын білді. Стритбол алаңынан бөлек, мұнда тұрғындардың өтініші бойынша егде жастағы адамдардың бос уақытына арналған үстел мен орындықтар орнатылды, жылумен жабдықтау желілерінде орын алған ақауларды жойғаннан кейін асфальт жабынын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді, ағаштардың бұтақтары кесілді. Осы көше бойындағы 6 көпқабатты үйдің тұрғындары барлық атқарылып жатқан жұмыстарға қанағаттанып отырғанын жеткізіп, алайда, балаларға арналған ескі ойын алаңын жаңартып, зейнеткерлік жастағы адамдардың спортпен айналысуы үшін көше тренажерларын орнатуды сұрады. Өңір басшысы қала әкіміне мәселені зерделеп, оларды 2023-2024 жылдары орнату мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл балабақшалардың аумағын асфальттау жұмыстары басталды. Бұл мәселе бойынша қала тұрғындарынан көптеген өтініштер келіп түсті, көптеген бала бақшаларда асфальт жабыны ондаған жылдар бойы жаңартылмаған. Асфальтты ауыстыру жұмыстарын 43 мектепке дейінгі мекемеде жүргізу қажет. Биылғы жылы 30 бала бақшаның ауласында асфальт жабынын жаңарту жоспарланған. Жұмыстар қазірдің өзінде жүріп жатыр, оларды шілде айының соңына дейін толықтай аяқтау жоспарлануда. Асайын Байханов №12 бала бақшада жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді. Жұмыс сапасы мен қарқынымен танысу қорытындысы бойынша өңір басшысы биыл қалған 13 бала-бақша бойынша шығындарды үнемдеу есебінен жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Осылайша, 2023 жылы облыс орталығының мектепке дейінгі мекемелерінде асфальт жабындары 100% жаңартылады. Сондай-ақ, биыл қала көшелерінде бұрын асфальт жабыны болмаған немесе толық жаңартуды қажет ететін жаяу жүргіншілер жолдарын салу жалғасуда. Биылғы жылға жоспарланған жұмыстар көлемі 13,9 шақырымды құрайды. Жұмыстар 16 учаскеде жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда олардың 8-і аяқталды, 5 учаскеде жұмыстар жүріп жатыр және жақын арада мамандар қалған 3 учаскеде жұмысқа кіріседі. Облыс әкімі бұл қала тұрғындары үшін қолайлы орта құрудың маңызды бөлігі екенін атап өтіп, ыңғайлы өтпелердің құрылысына және оларға тегіс көшуді ескере отырып, жиек тастарды жайлы етуге назар аударуды тапсырды. Жаңа асфальт бұрын топырақ жамылғысы болған жеке сектордың 55 көшесінде де пайда болады. Бүгінгі таңда жұмыстар 18 учаскеде аяқталды. Қазіргі Затон ауданындағы шағын аллеяларда жұмыс жүріп жатыр, содан кейін бригадалар Горторг шағын ауданының көшелерін асфальттауға кіріседі. Жалпы жұмыс көлемі 35 км-ді құрайды. Сонымен қатар, өңір басшысына жаңа тазалау техникасы таныстырылды. "Холдинг-Транс-Павлодар" ЖШС 4 вакуумдық жинау жүк көлігін сатып алды. Жаңа мамандандырылған техниканың жұмыс принципі қала тұрғындары жиі шағымданатын шаң-тозаңды көтермей көшелерді тазалауға мүмкіндік береді. Көліктердің көлемі 1,5 шаршы метр арнайы су ыдысымен, қоқыс жәшігімен, шаң жинағышпен және т.б. құралдармен жабдықталған. Жұмыс сапарының соңында Асайын Байханов "Қымыз мұрындық" мерекелік іс-шарасына қатысты.

  • 09.06.2023
  • 219
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика