- Блогтар
 - А.Н. Дәрібаев
 
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
Қайталанған имитациялық сауда-саттық!!!
«ЭҚРҚО» АҚ «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру ережелері» жаңа жобасына сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірледі.
Осыған байланысты, «ЭҚРҚО» АҚ электр энергиясының қайталама орталықтандырылған сауда – саттығын имитациялық режимде (бұдан әрі-Имитациялық сауда-саттық) өткізуді жоспарлап отыр.
Имитациялық сауда-саттық 4 (төрт) сауда сессиясында өткізілетін болады:
| 
			 Цифрлық майнерлер үшін:  | 
		||
| 
			 Күні  | 
			
			 ҚР БЭЖ Батыс аймағы  | 
			
			 ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары  | 
		
| 
			 2023 жылғы 13 маусым  | 
			
			 11.30-12.00 сағ. (Астана уақыты бойынша)  | 
			
			 15.30-16.00 сағ. (Астана уақыты бойынша)  | 
		
| 
			 Энергия өндіруші ұйымдар үшін:  | 
		||
| 
			 2023 жылғы 14 маусым  | 
			
			 11.30-12.00 сағ. (Астана уақыты бойынша)  | 
			
			 15.30-16.00 сағ. (Астана уақыты бойынша)  | 
		
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына КЭН субъектілері, атап айтқанда цифрлық майнерлер мен энергия өндіруші ұйымдар (инвестициялық келісімдері бар ЖЭО мен ЭӨҰ-нан басқа) қатысады.
Имитациялық сауда-саттыққа қатысу үшін жоғарыда аталған мүдделі тұлғалардан осы сілтеме бойынша тіркеуден өтуін сұраймыз (https://tradez-test.korem.kz ).
Түсініктемелер мен тіркеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 7172 982-941, 982-942, 982-943.
- 10.06.2023
 - 291
 
                
                                

