- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл облысы Қордай ауданының он ауылының тұрғындары «көгілдір» отынға қол жеткізді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен "ҚазТрансГаз" АҚ Ұлттық операторы Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп Қаракемер, Қарасу, Ауқатты, Бұлар батыр, Сортөбе, Масаншы, Өтеген, Қызылсай, Күнбатыс-1 және Күнбатыс-2 ауылдарына газ құбырларын тарту жұмыстарын жүргізді.
Барлығы 392 км газ құбыры тартылған. Бұл 62 мыңнан астам тұрғын мен 274 әлеуметтік және кәсіпкерлік нысанының табиғи газбен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр.
Ұзақ жылдар бойы Қордайды газбен қамту мәселесі шешімін таппай келген еді. Сондықтан биыл аудан үшін тарихи жыл. Ел Президентінің қолдауының арқасында ауданның 100 мыңға жуық тұрғыны тұратын 22 ауылды газдандыруға 10 миллиардтан астам теңге бағытталды. Нәтижесінде, қордайлықтардың «көгілдір» отынмен қамтылу көрсеткіші 47-ден 95 пайызға дейін артпақ. Мұндай ауқымды жұмыстар аудан тарихында бұрын-соңды атқарылмаған.
- 14.12.2020
- 457