• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БҚО-да «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының XIХ маусымының ашылу салтанаты өтті

Деркөл мәдени-демалыс саябағында БҚО «Жасыл Ел» жастар еңбек және құрылыс жасақтарының кезекті маусымының ашылу салтанаты болып өтті. Оған облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен мемлекеттік қызмет мекемелерінің басшылары және «Жасыл Ел» жастар еңбек және құрылыс жасағының сарбаздары қатысты.

15 жылдан астам тарихы бар «Жасыл Ел» бағдарламасымен бүгінгі таңда облысымызда 25 мыңнан астам жастар қозғалыс мүшесі болып, мерзімді жұмыспен қамтылған. Биыл облыста бағдарлама аясында экобағыт бойынша 1175, ал құрылыс жасақтары бойынша 500 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Шарада өткен жылдың қорытындылары мен еңбек маусымында атқарылған жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Өңір басшысы көрмемен танысып, әрі қарай еңбек маусымының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жас сарбаздарды құттықтады.

«Жасыл Ел» жобасының басты мақсаты - жастарды білімдерімен бірге еңбекке баулу. Бүгінгі күні жасақ сарбаздары өңіріміздің дамуына үлес қосуда. Сондай-ақ, қаланың тазалығы, экологиялық мәселелерге үлес қосу арқылы еліміздің дамуына атсалысып жатыр.
Баршаңызды еңбек маусымының ашылуымен құттықтай отырып, сіздерге ең бастысы денсаулық тілеймін. Еңбек арқылы барлығына жетуге болады. Білімдеріңді одан әрі жетілдіре отырып, еңбек етуден қашпауларыңыз қажет. Еліміз бен облысымыздың дамуына осылай үлес қоса беріңіздер!», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, жиында еңбек жасағының командирі облыс әкімін «Жасыл Ел» еңбек маусымында бас командир етіп сайлап, еңбек жасағының формасын табыстады.

Әрі қарай салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты. Сахнада кішкентай бүлдіршіндер «Қазақстаным» әнін орындап, өңірдің мың бұралған бишілері дөңгелене биледі. Табиғат аясындағы еңбек маусымының ашылу салтанаты осылай мерекелік көңіл күйде аяқталды.

  • 26.06.2023
  • 232
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Төреғалиев Н.
(Мұрағат)

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика