• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АТЫРАУДА ​ 100 ОРЫНДЫҚ ​ ЖАТАҚХАНА ​ ПАЙДАЛАНУҒА ​ БЕРІЛДІ

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттері үшін 100 орындық жатақхана ашылды. Іс-шараға облыс басшысы Махамбет Досмұхамбетов қатысып, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.​

Жатақхана Елбасы – Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында салынды. Заманауи үлгіде бой көтерген төрт қабатты жатақхана барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Онда студенттермен бірге жас отбасылар да тұра алады. Бөлмелер қажетті жиһаздармен жабдықталған. ​ Әр қабатта 4 теледидар мен 12 автоматты кір жуу машиналары бар.

Ғимараттың ашылу салтанатына арнайы қатысқан ​ облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа жатақхананың салынуы студенттер үшін маңызды екенін айтып, колледж ұстаздары мен студенттерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Бүгін жарты ғасырға жуық тарихы бар, өңіріміздегі аса қажетті мамандар даярлайтын оқу орнының керегесі кеңейді. Атырау Энергетика, құрылыс колледжінің 100 орындық ​ жаңа жатақханасы қолданысқа берілуде. Қазіргі кезде облысымыздағы 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 15 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың жатақханаға деген сұранысын 2022 жылға дейін шешуді көздеп отырмыз. Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» үндеуі негізінде 2018 жылы арнайы жол картасы қабылданды. Соның аясында 2 жатақхананың құрылысы аяқталды. Ал Атырау қаласы және Индер мен Жылыой аудандарында колледж жатақханалары салынуда», деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Жаңа жатақхана ТШО компаниясының «Игілік» әлеуметтік бағдарламасы ​ аясында салынып отыр.​

Айта кетелік, бүгінгі таңда ​ Атырау энергетика және құрылыс колледжінде 773 студент білім алуда. Оның 189-і ауылдық елді мекендерден келген жастар. ​ Сондай-ақ, инженер-оқытушылық құрамында 93 маман болса, оның 20-ы өзге өңірлерден және облысымыздың ауылдарынан келген.

  • 15.12.2020
  • 280
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика