- Блогтар
- Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.
ҚР Туризм және спорт министрі
Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық кітап шығарушылар үшін қосымша құн салығын азайту мәселесін зерттейді: Асхат Оралов азаматтарды қабылдады
«Офлайн және онлайн форматта азаматтарды қабылдап, Мәдениет және спорт министрлігінің назар аударуын қажет ететін тілектер мен ұсыныстарды тыңдадым.
Қабылдау кезінде отандық кітап шығарушылар мен авторларды қолдау шараларын әзірлеу мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, қазақстандық баспаларға қатысты олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында іс-шаралар жүйесін қалыптастыру. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдегі кітаптардың үлесін арттыру және отандық жазушылардың еңбектерін кітапханалар арқылы тарату туралы сөз болды. Әрине, біз барлық қажетті қолдауды көрсетеміз.
Тағы бір көтерілген мәселе - қазақстандық кітап шығарушылар үшін қосымша құн салығын төмендету. Бұл ұсыныстардың барлығы, әрине, мұқият қарастыруға тұрарлық. Мен Архив істері және құжаттаманы басқару комитетіне кездесуде айтылған мәселелерді зерттеуді тапсырдым.
Жас спортшылардың ата-аналары шорт-трек үшін ең төменгі жасты 7 жастан 5 жасқа дейін қайта қарауды сұрайды. Бұл сұрақ та мұқият талдауды қажет етеді. Бұл балалардың физикалық дамуы мен денсаулығы туралы болғандықтан, жүктемелердің кішкентай спортшыларға зиян тигізбеуі маңызды. Бұл ұсыныс зерттелетін болады.
Азаматтарды онлайн және офлайн форматта қабылдау және өңірлерге сапарларым жалғасады. Мен мәдениет, спорт, туризм және архив салаларын дамыту бойынша түрлі ұсыныстарды тыңдауға әрқашан дайынмын», - деп жазды министр Telegram каналында.
- 04.07.2023
- 230