- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Коммуналдық кәсіпорындардың басшыларымен кездесу
Коммуналдық кәсіпорындардың басшыларымен жедел кеңес өткіздім. Облыс орталығында тұрғындар коммуналдық қызметтің жұмысына жиі шағымданады.
Әсіресе, су құбырлары, электр және жылу желілерін жөндегеннен кейін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолы уақытында қалыпқа келтірілмейді. Мұндай келеңсіздікке жол беруге болмайды, оны 10 күнде қалыпқа келтіру қажет. Коммуналдық кәсіпорындардың басшыларын өз учаскелерін жөндеуге жауапкершілікпен қарауға шақырдым.
Сондай-ақ жол және коммуналдық қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру керек. Петропавлда қазір көшелерге асфальт төсеу науқаны жүріп жатыр, 30-дан астам учаскеде жұмыстар жоспарланған. Тиісінше, коммуналдық мекемелер асфальт төселмес бұрын жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет.
Бірлескен іс-шаралар жоспары болуы тиіс. Коммуналдық қызмет пен жол жөндеушілер бірлесіп, жүйелі жұмыс істеулері керек. Бұл мәселені бақылауда ұстауды Петропавл әкімі Серік Мұхамедиевке тапсырдым.
- 19.07.2023
- 182