- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Аппараттық жиналыс
СҚО әкімдігінде аппарат жиналысы өтіп, онда өңірдің бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыланды. Облыс экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталған. Облыс әкімі Айдарбек Сапаров 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімін қамтамасыз етіп, тәуекелге талдау жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ инвестиция тарту және тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы туралы мәселе қаралды. Аймақ басшысы жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлардың кейбіреуіне бағаның өскенін атап өтті. Айдарбек Сапаров аудандар мен қала әкімдеріне азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды. Кәсіпкерлік басқармасына делдалдарды анықтап, оларды алып тастау тапсырылды. Сондай-ақ аудандар тұрақтандыру қорынан қажетті қорды дер кезінде толықтырып отыруы қажет.
- 19.07.2023
- 185